RU

Кәмшат Жолдыбаева Нағима Есқалиеваның келіні атанатыны рас па? (фото)

Желіде Кәмшат Жолдыбаева мен Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаевтың "романтикаға толы" суреттері пайда болды. Желі қолданушылары Кәмшат пен Диастың жарасымды жұп екенін жарыса жазып жатыр.

Оқырмандардың бұлай ойлауына Кәмшаттың сурет жанына "жүрек" белгісін қоюы себеп болған сияқты.

"Екеуі сондай жарасымды жұп!", "Эстрадамыздың ең әдемі жұбы болар еді", "Сондай жарасып тұрсыздар, тойларыңыз қашан?", "Кәмшат осы жігітті ұнатасыз ғой деймін, көп байқадым...Нағима апайымыздың келіні болып қалуыңыз мүмкін сияқты", - дейді олар.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Кәмшат Жолдыбаеваға Диас Аблаевтың желідегі парақшасында романтикаға толы өлең арнағаны жазылған. Оны көрген көпшілік Кәмшатты Нағима Есқалиеваның келіні болады деп шулаған.

Тағы оқыңыздар: Шалбарын шешіп тастап биге басқан той қонақтарының ерсі қылығы елді шулатты

Айта кетейік, аталған сурет Хабар арнасындағы "Сағындырған әндер-ай" концертінде түсірілген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582538-kamshat-zholdybaeva-men-naghimanynh-uly-r.html