RU

Еліміздің бірнеше облысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады

Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді деп болжанып отыр. Cоған орай дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

10-11 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертен тұман түсуі ықтимал.

Осы күндері Астана қаласында найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстік, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Тағы оқыңыздар: "Лайк" үшін бағанаға шығып, селфи жасамақ болған 15 жастағы бала тоққа түсіп қалды

Қостанай облысында 10-шы тамызда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, екпіні 15-20 м/сжел, бұршақ, дауыл тұруы мүмкін.

10-11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 10 тамызда бұршақ, дауыл тұруы ықтимал.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582601-elimizdinh-birneshe-oblysynda-nayzagha.html