RU

Ақтау тұрғыны таңертең жүгіруге шыққан жеткіншекті зорлап тастаған

Ақтауда жүгіруге шыққан жасөспірімді зорлап кетті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 5 тамызда, сенбі күні болған.

Тағы оқыңыздар: "Лайк" үшін бағанаға шығып, селфи жасамақ болған 15 жастағы бала тоққа түсіп қалды

Ақтау қаласындағы 5А ықшам ауданындағы аттракцион паркі қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленген қыз таңертең жүгіруге шыққан. Оның құлағында құлаққап болған.

«Оны ер азамат аңдып жүрген. Кейін қызды жағалауда демалушылар ес-түссіз жатқан күйінде тауып алды», - дейді парк қызметкерлері.

Күдіктіні Ақтау қаласының полиция қызметкерлері тұтқындаған.

«Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, кәмелеттік жасқа толмаған адамға қатысты) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда тағы бір безбүйрек ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Егер күдіктінің айыбы дәлелденсе, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 26 шілдеде Қостанай облысында 50 жастағы әйелді таксиде зорлап кеткен болатын.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582735-aqtau-turghyny-tanhertenh-zhugiruge-shyqq.html