RU

20 жыл бұрын Қазақстаннан қарыз алған Грузия ақшаны қыркүйектен бастап қайтармақшы

Грузия өзінің Қазақстан алдындағы мемлекеттік қарызын қыркүйектің басында төлей бастайды деп хабарлады Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев.

"Қыркүйектің басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызды төлей бастайды. Біз кезінде грузиндерге, 20 жыл бұрын 90-шы жылдардың ортасында 27,5 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз бергенбіз", — деді Ертісбаев сәрсенбідегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, Грузияға бұл қаражатты қарызға берген кезде Қазақстанның жағдайы "айтарлықтай қиын болатын".

"Ол кезде өзіміздің мемлекеттік қазына да бос болатын. (…) Бірақ Грузияға бұл қаражат өте қажет болатын. Ол уақытта Эдуард Шеварднадзе билікті әзер ұстап тұрған, біздің президентіміз Эдуард Амвуросиевичті құрметтейді. Біз оларға қарыз бердік.

Мен 2013 жылғы көктемде келген кезімде бірден достық достықпен, ал ақша бөлек, бұл мәселені бірнәрсе қылып шешу керек дедім. Келіссөздер болды", — деп жалғастырды елші.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда тағы бір безбүйрек ана жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Ертісбаевтың ақпаратына сәйкес, Грузия ақшаны Париж клубының сызбасы бойынша "өте төмен пайызбен" қайтаратын болады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582791-20-zhyl-buryn-qazaqstannan-qaryz-alghan-gr.html