RU

Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды

Алматыда ерсі қылығы видеоға түсіп қалған дәрігер жұмыстан қуылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы №13 қалалық емхананың әкімшілігі видеодағы дәрігердің емханада жарты ақыға бес жылдан аса уақыт жұмыс істегенін растады.

"Қызметі барысында оған қатысты ешқандай шағым айтылған жоқ. Тәжірибелі дәрігер. Науқастарды күнделікті сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын. Осыған дейін келушілерді қабылдау кезінде мұндай ерсі қылық көрсетпеген", - делінген хабарламада.

Емхана әкімшілігінің бастамасымен комиссия құрылып, комиссия шешімі бойынша офтальмолог дәрігер 2017 жылдың 8 тамызынан бастап қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыздар: Астанада да жер сілкінісі болғанын айтқан азамат өз қорқынышын баяндап берді

Бас дәрігердің орынбасары мен арнайы көмек бөлімінің меңгерушісіне медициналық көмек көрсету мен тәртіптің төмендеуіне байланысты сөгіс жарияланды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582892-almatyda-ersi-qylyghy-videogha-tusip-qa.html