RU

Трамптың Нью-Йорктегі қонақ үйінде Путиннің бейнесі пайда болды (видео)

АҚШ президенті Дональд Трамптың Нью-Йорктегі Trump SoHo қонақ үйінде Путиннің бейнесі пайда болды деп жазады Centralasian.org.

Ресей туын ұстаған президент Владимир Путин "Happy to help, bro!" ("Көмектескеніме қуаныштымын, бро"), "Follow the money" ("Ақшаның соңынан ер") және орысша "Крепись, братан" деген сөздерді айтып тұр. Бұл туралы Business Insider хабарлады.

Тағы оқыңыздар: Нәрестені терезеден шығарып қойып көлік айдаған жігіттің әрекеті жұртты шошытты (видео)

Ғимарат алдында қолдарына Ресей туын ұстаған адамдар маршпен жүріп өтті. Акцияны ұйымдастырушы - журналист Робин Белл. Ол твиттерге бірнеше бейнеролик жариялады.

Trump Soho Projections #followthemoney pic.twitter.com/iS0bzzBhan

— robin bell (@bellvisuals) 8 августа 2017 г.

Тағы оқыңыздар: «Манчестер Юнайтед» бас бапкері суперкубок медалін жанкүйерлердің біріне бере салған

Путиннің бейнесі пайда болардан бірнеше күн бұрын, АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер ауқымды алқа билер жинады. Олар Ресейдің өткен жылғы америкалық президент сайлауына араласқан-араласпағанын тексереді.

Трамп АҚШ сайлауларында "ресейлік із" бар дегенді жоққа шығарып келеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582902-tramptynh-nyu-yorktegi-qonaq-uyinde-pu.html