RU

Алматыда су ақысын төлемеген тұрғындар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр

Алматы түбіндегі Бесағаш ауылында көптеген үй ауыз сусыз қалуы мүмкін. "Кәріз жүйесіне қосыламыз" деп ауыздары күйген олар қарыздарын өтемесе, тіршілік нәрінен қағылмақшы деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

30-ға жуық баспана иелерінің әрқайсысы «Су құбыры» мекемесіне орташа 125 мың теңгеден беруі тиіс. Кәсіпорындағылардың айтуынша, тұрғындар кәріз жүйесіне заңсыз қосылғандықтан берешек болып қалған. Ал жұрт «қалдықтарды құбырға төгуге мемлекеттік мекеменің қызметкері рұқсат берген» деп отыр. Тиісті құжаттары бола тұра, бесағаштықтар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр.

«Сапарбаев Қазбек деген балаға бұлар ақшасын жинап береді. Ол бұл жерде мастер болып жұмыс істеген. Чекті тек сұрағандарға берген», - дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Ақбаржан Исламбияров.

Тағы оқыңыздар: Қатерлі ісікке шалдыққан науқас дәрігерді пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Слесарь болып қызмет еткен азамат баспана қожайындарынан ақша алып, құбырды тесуге рұқсат беретін чек пен құжаттарын ұстатқан екен. Бір қызығы, ойламаған жерден берешек болғандардың бәрі бір уақытта кәріз жүйесіне жалғанбапты. Бірақ кейін жалғанғандарға да қомақты көлемде қарыз екені туралы түбіртек келген. Жауаптылар: «қарызды төлемесеңдер, ауыз судан ажыратамыз!» деп ескерткен.

Белгілі болғандай, тұрғындардың қолындағы құжаттары жарамсыз боп тұр. Чектердің Талғар ауданындағы «Су құбыры» мемлекеттік мекемесіне қатысы жоқ екен. Кәсіпорындағылар әлгі ақша жинаған жігіттің әрекеті әшкере болғаннан кейін, оны жұмыстан қуып, құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1582986-almatyda-su-aqysyn-toleuge-qatysty-ul.html