RU

Бір күнде үйленген егіздер балаларының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото)

Жақында Ұзақбаевтар әулеті немерелерінің 1 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ақтаулық Төребек пен Жолдасбек есімді егіздер осыдан 2 жыл бұрын егіз қыздармен шаңырақ көтеріп, перзент сүйген болатын. Бұл қуанышпен егіздің сыңары Жолдасбек бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жігіттер қазір Ақтауда облыстық ветеринариялық лабораторияда қызметте. Ал жұбайлары Асыл мен Айым наркологиялық диспансерде, қазір абысындар бала күтімімен үйде отыр.

«Ұлымыз Әмірбек 2016 жылдың қыркүйегінде дүние есігін ашты, Әмірбек деп есімін әкем қойды. Әмір - тарихтан белгілі Әмір Темір қолбасшының есімі болса, ал бек - хан, сұлтан деген мағынаны білдіреді. Ал егізім Төребектің қызы Ақжібек сол жылы қазан айында дүниеге келді. Жібектей жұмсақ, нәзік жанды, ұяң болсын деген ниетпен атын ырымдап анам қойды», - дейді Жолдасбек.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе қаласының бас имамы өте аз жалақы ала­тынын жайып салды

Олар сәбилеріне көз тимес үшін қазақы ырымдарды жасайтындарын айтты.

«Өзіміз егізбіз, егіз қыздарға үйлендік, көп ұзамай балалы болдық. Біз туралы журналистер көп жазды. Көз тимесін деп балаларымыздың қолына ала жіп тағып, жейдесіне түйреуіш қадаймыз», - дейді Төребек.

Ұлы дүниеге келгенде, Жолдасбек іс-сапарда болыпты.

«Аллаға шүкір, балалар өсіп келеді. Бізден бұрын, балалардың ата-әжесі қатты қуанып жүр. Тұңғышымыз болған соң бала солардікі. Үйдің үлкендері бала тәрбиесіне ерекше мән береді», - дейді ол.

Жастар Орал қаласында танысқан. Олар 2015 жылы қазанда шаңырақ құрды.

Жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асыл және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты.

«Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. «Сенің егізің бар ма?» деп сұрайды. Ол «иә» деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтқан. Қос егіздер балалардың болашағынан зор үміт күтеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583003-bir-kunde-uylengen-tort-egiz-balalary.html