RU

Семейлік 42 жастағы азамат құс атамын деп жүріп Қытай түрмесінен бір шықты (фото)

Қазақстандық Евгений Миронов аспан асты елінде тир мылтығының екі қорап оғы үшін қамауда отыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Жүк тасымалымен айналысатын компаниялардың бірінде жүргізуші қызметін атқаратын 42 жастағы азамат оқты Рессейден сатып алған көрінеді. Ал, өзі онымен саяжайдағы қарғаларды атып қуаламақ болған. Бірақ, көлігінің ішіндегі қобдишадан алып тастауды ұмытып кеткен Евгенийді Үрімші полиция қызметкерлері қолға түсіріпті.

«Мұндай оқ адам түгілі құстың өзін өлтірмейді ғой. Сондықтан біздің елде және Рессейде кез-келген дүкен сөресінде ашық сатыла береді. Ал, Қытайдың заңында ол тиым салынған екен. Тіпті, оның соған бола қамалғанын да жүргізушілердің бірінен естідік. Өзі соларға хабарласыпты. Ендігі тағдыры қыл үстінде тұр. Не істерімізді білмейміз», - дейді жақындары.

Тағы оқыңыздар: Алматыда су ақысын төлеуге қатысты үлкен дау шықты

Бүгінде Евгенийдің қамауға алынғанына 3 айдың жүзі болған. Содан бері зар жылаған туыстары оның амандығын біле алмай отыр. Тек, олар Қытайдың қатаң заңына сәйкес, отандасымыздың үстінен қылмысты іс қозғалғанын еліміздің сыртқы істер министрлігінен естіпті.

«Ұлым әкесін күнде күтіп жылап жүр. Біз де өзімен хабарласа алмадық. Жоғарғы жақтың көмектесуін сұрап хат жолдадық. Ондағылар Евгенийдің дін аман екендігін және бұл іске сыртқы істер министрлігі араласып жатқанын жеткізді. Бірақ, жақын арада сот болатын көрінеді. Егер, Қытайдағы елшілік қолдау көрсете алмаса, 10 жылға сотталып кетуі мүмкін», - дейді Мироновтың әйелі Елена Балахнина.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте белгісіз жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Енді, туыстары еліміздің сыртқы істер министрлігінен бұл істі аяқсыз қалдырмауын сұрайды. Олар Қытайдағы елшілік нақты араласса апталдай азаматтың аман шығатынына нық сеніп отыр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583113-semeylik-42-zhastaghy-azamat-qus-atamyn-de.html