RU

Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сол себепті өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қостанай, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Атырау, Павлодар облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, дауыл күтіледі. Маңғыстау облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ күтіледі.

Тағы оқыңыздар: Алматыда су ақысын төлеуге қатысты үлкен дау шықты

Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, бұршақ күтіледі. Қарағанды облысының кей бөліктерінде бұршақ, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583127-elimizdinh-basym-boliginde-zhanhbyr-zhau-2.html