RU

Бес миллион теңге жымқырғаны әшкере болған қазақстандық бапкер сотталып кетті

Жанна Геннадиевна Демченко синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған кезінде ақша жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 cоты наурыз айында үкім шығарған екен. Бұл туралы таяуда ғана белгілі болды. Төрешінің шешіміне сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салған Демченко Қылмыстық Кодекстің 385 бабы 1-тармағы, 189 бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп танылған.

Ол шартты түрде 7 жылға сотталды, алайда "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау" туралы заңға сәйкес жаза мерзімі екі есе қысқартылды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда су ақысын төлеуге қатысты үлкен дау шықты

Сот материалдарынан белгілі болғандай, Демченко 2012-2015 жылдар аралығында 5 721 871 теңге жымқырған.

Естеріңізге салайық, синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрғынғы мүшелері Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей prosports.kz тілшісіне бапкердің былықтары туралы ащы шындықты айтып сұхбат берген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583141-bes-million-tenhge-zhymqyrghany-ashkere-b.html