RU

Қанат Исламның қыркүйек айына жоспарланған кезекті жекпе-жегі қайда өтеді?

АҚШ-та тұратын боксшы Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) келесі жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астанада өткізеді деп хабарлайды championat.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қанат Исламның қарсыласы WBA Inter-Continental және WBO-NABO титулының иегері, канадалық боксшы Брендон Кук (18-0-0, 11 КО), - деп жазады BocingScene.

Тағы оқыңыздар: Сауд Арабиясының әуекомпаниясы жолаушыларға да ашық киім киюге тыйым салды

Соңғы рет Қанат Ислам рингке биылғы жылдың мамыр айында Норберто Гонсалеске қарсы шығып, төрешілердің бір ауыздан қолдауымен жеңіске жеткен.

Еске салсақ, орта салмақта шығатын Қанат (2007 жылғы) әлем чемпионаты мен (2008 жылғы) Олимпиаданың қола жүлдегері.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583178-qanat-islam-9-shy-qyrkuyek-qazaqstanda-zh.html