RU

Ақтөбелік дәрігерлер жүрек соғысы тоқтап, өлімді сезінген адамға жаңа өмір сыйлады (фото)

Ақтөбелік жедел жәрдем қызметі өлім мен өмір арасында алысқан науқасты аман алып қалды. Түс мезгілінде бекетке 41 жастағы қала тұрғынының қысылып жатқаны хабарланған. Оқиға орнына алғашқы қызмет көрсету мамандары 6 минутта жетіпті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Кейде минуттардың өзі үлкен рөл ойнайды. Бұл жерде алғашқы көмек көрсету қызметі мамандарының жұмысын атап айту керек. Қаланың шетіндегі мекен жайға тез жетіп, әл үстінде жатқан адамға көмек көрсетті. Науқастың жағдайы ауыр болды.

Жүрек қысқан кезде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Салқын тері шығып, өлімді сезеді. Жүрекке дем жетпей қалған. Мұндай кезде адамның жүрегі жарылып кетуі мүмкін. Мамандар науқасты аман алып қалды»,- дейді Ақтөбедегі алғашқы жәрдем ЖШС-нің директоры Тілеу Сапаров.

Тағы оқыңыздарКөкшетауда үш бірдей адамды жауыздықпен өлтірген оқушыларға үкім шықты

Дәрігерлер адам өміріне араша болу үшін кейде бастарын қауіпке де тігеді.

«Бізде мұндай оқиғалар күнде болып жатыр. Кейде өзіміздің өмірімізге қауіп төнетін жағдайлар болады. Әсіресе, жол кептелістері мамандарымызға көп кедергі келтіреді. Бір оқиға болды. Қатаң аурудағы науқасты ескі қаладан әкеле жатты. 5 мөлтек ауданындағы көпірден түсер кезде жол апатына ұшырадық. Дабыл белгісін қосып, науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жеңіл машина соқты. Фельдшердің миы шайқалып, зақым алды. Науқас арнайы белбеуде жатқандықтан аман қалды. Машинамыз төңкерілді. Бізде осындай қиындықтар бар. Полиция қызметкерлері рейд жасаған кезде он күндей бізге кедергі болмайды. Кейін қайтадан қиындыққа тап боламыз», - дейді алғашқы жәрдем ЖШС-нің басшысы.

Құлағы мен белі ауыратындар да жедел жәрдем қызметі көмегіне жүгінеді.

«Бүгінгі күні техникалық жабдықталудың нәтижесінде қаланың ішіндегі жол көлік оқиғаларына 6-7 минутта жетеміз. Қазіргі уақытта шақыртулардың көбі бел, бас, құлақ ауруы. Алдағы жылы мұндай науқастарға көмек көрсету жедел жәрдем қызметінен алынады. Емханаларда күндіз түні жұмыс жасайтын бөлімшелер ашылады. Жедел жәрдем қызметі биіктен құлау, жол апаты, атыс, жүрек қан тамырлары секілді шұғыл көмекті қажет ететін адамдарға арналған»,- дейді Тілеу Сапаров.

Тағы оқыңыздарҚанат Исламның кезекті жекпе-жегі  қыркүйек айында болады

Ақтөбелік дәрігерлер қызмет сапасын жоғарылату үшін жүргізушілерге дейін оқытқан.

«Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік серіктестік бағдарламасымен облыстық жедел жәрдем қызметі сенімгерлік басқаруға берілді. Мақсатымыз - жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру. Шетелде 103 қызметінің жүргізушілеріне дейін алғашқы көмек көрсете алады. Қазір біз осыған жұмыс жасап жатырмыз. 90 жүргізуші оқытылды.

Қаланың кез келген жеріне кіре алатын Нива көліктерімен қамтамасыз етілдік. Түркиядан келген профессорлар арнай оқыту семинарларын жүргізді. Түрік мамандары Ақтөбеде халықаралық стандартпен жұмыс жасау сапасын нығайтып жатыр. Жақын күндері 25 пультпен қоңырау қабылдау мүмкіндігіне ие боламыз», - дейді Сапаров.

Тағы оқыңыздарЕліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Жедел жәрдем қызметінде балалар дәрігеріне тамақ ішуге мүмкіндік жоқ.

«Қазір қай көліктің қай жерде жүргенін көріп отырмыз. Түскен шақырысқа қай көлік жақын тұр соны бірден жібереміз. Автоматтандырылған қондырғыларымыздың сапасы жоғары. Қай қоңырауларға қызмет көрсетілмегені де бақыланады. Балалар дәрігеріне шақырыс көп. Олар тамақтануға 10 минут үзілісті әрең табады. Халықтың көпшілігі емханаларға барғысы келмейді.

Кешкі сағат алтыны күтіп отырады. Содан кейін қоңыраулар 3-4 есеге көбейеді. Жүргізушілер әлі күнге дейін жедел жәрдем көліктеріне жол бермейді. Әсіресе кептеліс кездерінде қиын. Шетелдерде қоғамдық көлік, 103, 102 қызметтеріне арналған бөлек жол жолағы бар. Ол жермен ешкім жүрмейді. Қазіргі кезде біз әкімшілікке осындай ұсыныс тастағымыз келеді»,- дейді Тілеу Сапаров.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583286-aqtobelik-darigerler-zhurek-soghysy.html