RU

Тайландтан зәулім үй алып жатқан қазақстандықтар қалай көңіл көтереді? (фото)

Бүгінде Тайланд азаматтары Қазақстанға келіп, жылжымайтын мүлкін сатып жатыр. Олардың айтуынша, бұл бизнестің тасы өрге домалап келеді. Себебі, қыруар ақшасын құйып, Тайландтан үй сатып алып жатқан қазақстандықтардың саны күн санап артып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Ниран есімді тайлық азамат Қазақстанға төрт күнге келген. Осы үш күн ішінде оның бизнесі ілгері жылжи түскен.

"Біз қазақстандықтармен бизнес қатынастарды орнатқымыз келеді. Себебі олар көп ақша ұсынуға дайын", - дейді ол.

Оның айтуынша, "қазақтар Тайландтан үйлер мен қонақүйлерді жаппай сатып алып жатыр". Олар көбіне-көп қарапайым адамдар емес, ірі бизнес иелері немесе қызметі жоғары қазақстандықтар.

"Олар біздің елдегі жылжымайтын мүліктің бағасына қызығады. Мәселен Паттайедегі пәтердің құны Астанадағы пәтер құнымен бірдей", - дейді тай бизнесмені.

Тағы оқыңыздарЕліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Алайда пәтермен бірге жеке бассейн мен жаттығу құралына ие болып қаласыз. 

Қазақстандық байлар коттедждер мен пентхаустар сатып алып, оған әдемі тай қыздарын шақырып, көңіл көтеретінін айтады ол.

Тағы оқыңыздарАлматыда су ақысын төлемеген тұрғындар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мәселен, Тайландтағы пентхаустың құны - 90 млн теңге. Мұндай бағада Астананың орталығынан да пәтер сатып алуға болады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583323-taylandtan-zaulim-uyler-satyp-alyp-zha.html