RU

Ел тұрғыны: Шымкентте қазақ қыздарын қытайлықтарға мәжбүрлеп тұрмысқа беруде

Шымкентте қазақ қыздарын қытайлықтарға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеп жатыр деп жазады facebook желісінің қолданушысы Ержан Қалдыбаев.

Қалдыбаевтың жазбасындағы сөзіне сүйенсек, Шымкенттегі нысанның бірінде қытайлық басшылар қоластындағы қазақ қыздарын әйелдікке алуда.

«Бүгін өзімнің танысыммен болған әңгімеде шымкенттік мұнай өңдейтін зауыттың бірінде қытай басшылары қоластындағы қазақ қыздарына үйленіп жатқанын айтты (өз мансабын пайдаланып мәжбүрлегенін). Нақты мысал да бар. Мұнай өндіруші компанияда істейтін Созақ ауданының қызы қытайлыққа тұрмысқа шыққан. Той мерзімі де келісілген. Алғыс ретінде қытайлық күйеу бала болашақ қайын атасын Созақта жұмысқа тұрғызған (дереккөздің айтуынша)", - деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар: Тайландтан зәулім үйлер сатып алып жатқан қазақстандықтар қалай көңіл көтереді? (фото)

Ержан қытайлық компания басшыларының түннің бір жарымында зауытқа өз жұмысшыларын әкелгенін де мәлімдеді.

"Мұның бәрі у-шусыз, қазақтардың келісімімен тыныш қана жүріп жатыр. Тағы бір мысал, түнгі сағат 1-де мұнай зауытына қытайлық жұмысшыларды тиеген 25 автобус келген. Неліктен түнгі сағат 1-де? Олардың саны шамамен 1300 адам", -дейді ол.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583419-zheli-qoldanushysy-shymkentte-qyzdardy.html