RU

Алматы түбінде болған ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Алматы түбінде "Технам 2002" оқу-жаттығу ұшағы құлады. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

"Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, бүгін сағат 09.53-те "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған.

Апаттың салдарынан екі адам (курсант пен ұшқыш-нұсқаушы) қаза тапты. Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

<<< Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583458-almaty-tubinde-azamattyq-aviaciya-aka.html