RU

Отандық шоу-бизнестегі жеке кәсібі бар әншілер кімдер?

Бүгінде отандық жұлдыздардың көпшілігі өнер мен қатар бизнеспен айналысып жүр. Бір қызығы жұлдызды бизнесмендердің қолының ұшы тиген кәсіп аз ғана уақыттың ішінде ел арасында үздік сұранысқа ие болып жатады. NUR.KZ атағын бизнеске айналдырып жүрген жұлдыздардың топтамасын ұсынады.

Роза Әлқожа – «Мен сыйға тартқан орамал» атты дүкеннің иесі. Әннен сәнге айналған орамал бүгінде халық арасында аса танымал.

Жазира Байырбекованың мерекелік көйлектерді жалға беретін салоны бар. Соңғы үлгідегі той көйлектерімен қатар әншінің сахналық көйлектері де осы дүкеннен.

Айдана Меденова сән студиясын басқарып отыр. Студияның атауы әншінің өз аты және фамилиясымен аталған «Aidanamedenovabeauty».

Тағы оқыңыздар: Ел есіндегі тойлар: Голливудтық қойылым, стриптиз, лесби қыздар

Әріптестерінен қалыспайын деген Арман Қоңыр автожуу салоны мен жұбай Аша Матай екеуінің «Дорамарин» атты  балаларға арналған тамақтар желісі бар.

Әнші Інжу қыз-келіншектердің дене бітімінің мінсіз болуы үшін арнайы фитнес орталығын ашып, жұмысын дөңгелетіп отыр.

Әріптестері алғашқы кәсібіне енді кірісе бастағанда актриса Жәния Джуринская бизнестің қыр сырын жақсылап түсініп алған болу керек. Жас актрисаның Алматы және Астана қаласында жеке сән салондары бар.

Актриса Гүлшарат Жұбаева. "Шабыт-шоу" би ұжымы мен "Шабыт" шеберханасы, дүкендер желісінің директоры.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583536-otandyq-shou-biznestegi-zheke-biznesi-b.html