RU

Қылмысын мойындату үшін күдіктіні әбден азаптаған бес полицей жазадан бас тартып отыр

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық инстанциясында 9 тамызда бес полиция қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Оларды Өскемен қалалық соты кісі азаптады деп танып, әрқайсысын үш жылға соттау туралы үкім шығарды деп хабарлайды Centralasian.org.

Сот үкіміне сәйкес, полицияның Үлбі бөліміндегілер жәбірленуші Ербол Қасеновтың қолын арқанмен байлап, еденге жатқызып, бес полицейдің екеуі оның аяғына отырған, тағы бір полицей басына полиэтилен пакетін кигізіп, тұншықтырған.

Олар сол арқылы Қасеновтен қылмысты мойындауын талап етеді. Іс материалдары бойынша, Қасенов қылмысын мойындап, ұрлық жасағаны үшін үш жарым жылға сотталған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тоқтап қалған троллейбусты итерген "тоғыз әже" желіде жұлдыз болды (видео)

Полицейлерге үкім шығарылған соң облыстық прокуратура қарсылық білдіріп, оларды ақтап шығуын сұрады. Сотталушылардың адвокаттары олардың әрекеттерін дәлелдейтін заттай айғақ жоқ деп есептейді.

Сот үкімінен соң Үлбі бөлімшесіндегі ондаған полиция қызметкері облыстық прокуратура алдында наразылық акциясын өткізді. Апелляциялық шағым 11 тамызда қаралады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583550-qylmysyn-moyyndatu-ushin-kudiktini-ab.html