RU

Желіде Алматы маңында болған ұшақ апатының видеосы пайда болды (фото, видео)

Әлеуметтік желіде Алматы маңында болған ұшақ апатының видеосы пайда болды.

Ролик  Іnstagram-дағы  ztb_video парақшасында жарияланған. Кадрлардан әуе кемесінің жер үйден бірнеше метр қашықтыққа құлағаны көрінеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындаған "Технам 2002" ұшағы апатқа ұшырады. 

Апаттың салдарынан екі адам (курсант пен ұшқыш-нұсқаушы) қаза тапты. Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583658-zhelide-almaty-manhynda-bolghan-ushaq-apa.html