RU

18 жастағы қазақстандық қыз арнайы ұшақпен Варшавадан Астанаға жеткізілді

Қазақстандық дипломаттар Варшавадан Астанаға туберкулездің сирек түріне шалдыққан 18 жастағы қызды Республикалық санитарлық авиация орталығының арнайы ұшағына отырғызып, шығарып салды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

"Қазақстан елшілігі, Сыртық істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитарлық авиация орталығымен келіссөздер жүргізгеннен кейін, 8 тамыз күні 21.30-да қазақстандық қыз арнайы ұшақпен Варшавадан Астанаға жеткізілді. Польшада емделіп жатқан кезінде, қазақстандық дипломаттар үнемі қызбен байланыста болып, Белосток ауруханасына барып тұрған әрі қыздың өзі және дәрігерлерімен күнделікті телефон арқылы сөйлесіп отырған. Қызға жан-жақты қолдау көрсеткендердің бірі — поляк университетінің оқытушылары. Жас, рухы мықты отандасымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз!", - дейді Жайнақов.

Тағы оқыңыздар: Алматы түбіне құлаған ұшақтан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

Варшаваға оқуға барған қызға поляк дәрігерлері туберкулездің сирек кездесетін, ашық түріне шалдыққан деген диагноз қойыпты. Бұл дертті студент қыз туыстарының бірінен жұқтырған болса керек.

Қызды қоғамдық көлікпен жеткізу мүмкін болмағандықтан, санитарлық авиация көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583815-18-zhastaghy-qazaqstandyq-qyz-arnayy-ushaq.html