RU

Ақтөбеде ақ джипке отырып кеткен азамат әлі табылмай жатыр (фото)

Үшінші тамыз күні 41 разъезде автокөлікке отырып, жоғалып кеткен 32 жастағы ақтөбелікті полиция әлі іздестіріп жатыр деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Полицияның хабарлауынша, жеке құрамның барлығы аяқтарынан тік тұрған.

«Жоғалған адам іздестіріліп жатыр. Оны туыстарымен бірге полицияның жеке құрамы №41 разъезд маңындағы орманнан да қарап шықты», — делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, Орск қаласына қарай бағыттағы жолда орнатылған бейнебақылау камералары мен екінші тамыз күні Түркістан қаласынан Ақтөбеге келген «КАМАЗ» автокөлігінің камерасына түскен бейнематериал зерттелмек.

Тағы оқыңыздар: Жоғары оқу орнына түскен биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Табылмай жатқан жігіттің кіммен араласатыны да анықталмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ер адаманың қарбыз сатып тұрған жерінен Land Cruiser 200 көлігіне мініп кеткенін осыған дейін хабарланған. Көліктің нөмірі камераға түспеген.

Туыстарының айтуынша, Ерханның бойы 188 сантиметр. Өңі аққұба, шашы қоңыр түсті. Үстінде қара футболкасы мен қара шалбары болған.

Көрген-білгендер болса 8 702 682 25 60 немесе, 8 747 208 13 18 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1583962-aqtobede-dzhipke-otyryp-ketken-azamat.html