RU

ШҚО-да зорлық көрген 15 жастағы қыз немере ағасынан сәбилі болды (фото)

Шығыс Қазақстан облысында 34 жастағы туысқан ағасынан зорлық көріп, жүкті болып қалған 15 жастағы мектеп оқушысы кеше түнде сәбиін өмірге әкелген деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Туыстарының айтуынша, ол ұл баланы өмірге әкелген. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Қыздың отбасы жауапкершілікті өз мойындарына алып, баланы асыраймыз деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Өскеменде ағайындыларды айуандықпен өлтірді деп айыпталғандардың соты басталды

Жасөспірімнің ата-анасы қазақстандықтардан кәмелет жасқа толмаған қыздарын зорлаған Қуаныш Мұхтархановқа лайықты жазасын алуға көмек қолын созатын тәуелсіз әрі білікті қорғаушы жалдау үшін қаржылай көмек көрсетуді сұрап отыр.

Себебі қарындасын зорлаған азғынға сот әділ жаза бермей, оны бар-жоғы екі жылға ғана бас бостандығынан айырған. 

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584039-shqo-da-zorlyq-korgen-15-zhastaghy-qyz-neme.html