RU

Енеңіздің көңілін табудың қарапайым бес қағидасы

Ене мен келіннің араздығы, отбасының беріктігіне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, бүгін енеңіздің көңілін табудың қарапайым бес қағидасын ikerim.kz ұсынады.

Өзіңді жақсы көруін талап етпе!

Жас келіндердің басты кемшілігі-енесі өзін жақсы көреді деп үміттенуі. Бірақ бұл өте сирек болатындықтан, оның «махаббатын» күтпеңіз. Себебі енелердің көпшілігі балалары «жақсырақ» келін табуы мүмкін еді деп ойлайды.

Енеңді анаң деп қабылда!

Әрбір адам өз анасын жақсы көреді. Егер күйеуіңіз өз анасын жақсы көрсе, демек жақсы тәрбиелеген. Әрбір адамның анасы өзі үшін «бірінші адам», ал келін оған бақталас бола алмайды. Сен сүйікті әйелісің, ал ол сүйікті анасы.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде ақ джипке отырып кеткен азамат әлі табылмай жатыр (фото)

Өз шекараңа өткізбе!

Дұрыс қатынасты қаласаң, енеңнің сенің жеке өміріңе, қалай өмір сүру керектігін шешуге жол берме. Әрине жаға жыртысып, ұрыс-керістің қажеті жоқ. Бастысы-өз отбасыңыз өзіңіздікі болуы керек.

Анасы мен баласының шаруасына араласпа!

Ешқашан анасы мен баласының ісіне килікпегенің дұрыс. Олар да өз мәселесін өздері шешсін. Күйеуің қай кезде анасына баруын және қанша уақыт болатынын өз шешкені жөн.

Енеңе қамқор бол!

Қамқорлық-келіннің басты қаруы. Әрбір адам өзіне көңіл бөлінгенін жақсы көреді, сондықтан оның мереке мен туған күндерде ескерусіз қалмауын қадағала! Жай күндері де қуантып тұрсаңыз болады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584060-enenhizdinh-konhilin-tabudynh-qarapayym.html