RU

Желіде жаңа iPhone-дардың суреті пайда болды (фото)

Желіде iPhone-ның барлық жаңа үлгісінің суреті жарияланды деп хабарлайды baq.kz.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Apple тағы үш смартфон дайындап жатыр: iPhone 7s, 7s Plus және iPhone 8. Құрылғылардың артқы қақпағы шыныдан жасалған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде ақ джипке отырып кеткен азамат әлі табылмай жатыр (фото)

Сондай-ақ күміс түсті смартфонға айналдыра жылтыр жиектеме жасалғанын байқауға болады. Одан басқа бұрынғыларынан еш айырмашылығы жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын KGI Securities сарапшысы Мин-Чи Го Apple компаниясы күлгін түсті iPhone шығаруды тоқтататынын мәлімдеген еді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584177-zhelide-zhanha-iphone-dardynh-sureti-zhariyaland.html