RU

Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өзі келді

24 шілде күні «БТА Банк» АҚ қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілердің бірі Ержан Кадесов Будапештен Қазақстанға өз еркімен келді, деп хабарлайды Baq.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Проблемалы кредиттер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2009 жылы Кадесовке сырттай айып тағылып, артынша халықаралық іздеу жарияланған болатын.

2016 жылдың ақпанында Кадесов Будапеште екені анықталды. Венгрия құқық қорғау органдары оған қатысты экстрадициялық тұтқындау шарасын қолданды. Шілдеде ол Қазақстанға өз еркімен оралатынын мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде ақ джипке отырып кеткен азамат әлі табылмай жатыр (фото)

Ұлттық бюро баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілді.

Кадесов өз кінәсін мойындап, Әблязов БТА банк қаражатын қалай ұрлап, жылыстатқанын кеңірек айтып берген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584206-ablyazovtynh-sybaylasy-qazaqstangha-oz.html