RU

Қызылорда тұрғыны "үйді жарып жіберемін" деп полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қызылордада ер адам Панфилов көшесі бойында жеке үйді жарып жіберемін деп қоқан-лоққы жасады деп хабарлады Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғын өзінің ниеті туралы телефон арқылы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне хабарлады. Олар бірден шақыруға барған. 

"7 тамызда шамамен түнгі сағат 03:20-да полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Ол екі газ баллоны және жеті гранатпен жеке үйді жарамын деп хабарлады. Хабар түскен соң оқиға орнына бірден полицияның кешенді күштері тартылды, алайда аумақты тексеру кезінде жарылғыш затына ұқсайтын күдікті ештеңе табылмады", — деп хабарлады полицияда.

Тағы оқыңыздар: Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өзі келді

Үйді жарамын деп қоқан-лоққы жасаған ер адам ұсталды. Ұсталған 37 жасар ер адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталған. 

Қазіргі уақытта еліміздің Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584277-qyzylorda-turghyny-uydi-zharyp-zhiberem.html