RU

Ақтауда теңіз жағасында отырған үш адамды толқын алып кетті

Ақтауда теңіз жағасында отырған үш адам суға кетті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, екі жігіт пен бір қыз теңіз суына батып кеткен. Олар тіпті шомылмапты да, жағадағы таста отырған, күшті толқын жастарды теңізге алып кетіпті.

Куәгерлер қыз сол мезетте табылғанын айтты.

Тағы оқыңыздар: Біреу жамандаса құлақ шыңылдайтыны рас па?

Кейінірек Жедел құтқару қызметінің құтқарушылары жоғалған жігіттердің бірінің денесін судан шығарды. 1981 жылы туған ер адам тұншығып қаза болған. 1985 жылғы екінші ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584320-aqtauda-tenhiz-zhaghasynda-otyrghan-ush-ad.html