RU

Тойдан кейінгі қаза: Алматылық отбасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Үшқоңыр ауылында жұмбақ жағдайда бүтіндей бір отбасы жол апатына ұшырады деп хабарлайды 31 арна.

Жантүршігерлік жағдай тамыздың бесінен алтысына қараған түні орын алды. 31 жастағы азамат оқиға орынында тіл тартпай кетсе, жеті айлық сәби ауруханада көз жұмған.

Қаскелең қаласынан тойдан шыққан жас жанұя Үшқоңырға кіре берісте белгісіз себептермен көліктерін тоқтатып, жол бойына шығады. Ары қарайғы оқиға бәріне беймәлім.

Түнгі екі жарым мен үштің арасында 31 жастағы Бақытжанның жаралы денесін "Мерседес" автокөлігі 22 метрге сүйреп әкетіпті. Ал жары мен баласының денесін жолдың жиегінен тапқан.

Оған дейін оларды жүк көлігі қағып кетуі мүмкін деген болжам бар. "Байқамай басып кеттім" деген екінші жүргізуші "Бақытжанды соқпадым, ол оған дейін жолда жатқан", - деп туыстарынан кешірім де сұрапты.

Тағы оқыңыздар: Біреу жамандаса құлақ шыңылдайтыны рас па?

Жедел жәрдем келгенше көз жұмған азамат көп қан жоғалтқан екен. 7 айлық Дәулет ауруханада жан тапсырыпты. Ал комада жатқан Әйгерімнің хәлі мүшкіл. Қаскелеңдегі қалалық ауруханада емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жауабынан сұрағы көп оқиғамен Алматы облысының ІІД айналысуда. "Бұл істің мән-жайын әлі де анықтап жатырмыз, кінәлі жауапсыз қалмайды", - деп отыр.

Сол маңда орналасқан мейрамхананың бейнебақылау камерасына дәл сол кезде жолдан ерсілі-қарсылы өткен 100-ге жуық көлік тіркелген. Алайда көрдім-білдім деген бір адам жоқ.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584328-toydan-keyingi-qaza-almatylyq-otbasy.html