RU

Ақтөбеде есепшотына 12 млн теңге аударып алған банк қызметкері ұятқа қалды

Ақтөбедегі банктердің бір қызметкері өз есепшотына 12 млн теңге аударып алған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Керек инфо хабарлайды.

"Екінші деңгейлі банк директоры өзіндік қауіпсіздік қызметі арқылы 12 миллионнан астам теңгенің менеджерге аударылғанын анықтап, хабарлама берді. Қазіргі уақытта банктің есеп бөліміндегі 35 жастағы менеджер қаладан шықпау туралы бұлтартпау шарасымен жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде 11 баласы бар кейуана төрт жылдан аса қарттар үйінде тұрған

Бұл қылмыс бойынша Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны анықталып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта аталған қылмыс туралы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 тармағы бойынша іс қозғалды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584427-aqtobede-oz-esepshotyna-12-mln-tenhge-auda.html