RU

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы енді Ресейдің намысын қорғайтын болды

18 жастағы қазақстандық биатлоншы Арина Пантова жаңа маусымнан бастап Ресей құрамасының намысын қорғайды деп хабарлайды Vesti.kz.

Пантова бұл шешімін Instagram желісінде түсіндірді. Айтуынша, спорттық азаматтығын ауыстырудың басты себебі отбасылық жағдай болыпты. Әкесі туған қаласы Павлодардан Түменге көшіп, енді сол жақта бапкерлік қызмет атқарады.

Тағы оқыңыздар: Ұшақ апатынан қаза тапқан жас курсант әке болуға дайындалып жүрген

"Бұл жағдайдың мән-жайын айту орынсыз болмайтын шығар. Менің басқа елдің атынан өнер көрсетуім ақшаға байланысты емес! Мұның себебін бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіруге болады. Әкемді осында жұмысқа шақырыпты, болды! Мұнда бәсекелестіктің зор болуы қайта жақсы - қызығырақ болады. Ал Қазақстанды әрдайым жақсы көрдім, жақсы көре беремін де! Бұл ел жайлы ешқашан жаман сөйлеген емеспін", - деп жазды Пантова.

2016 жылы Пантова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында із қуу жарысынан алтын медаль иеленген еді, ал жасөспірімдер Олимпиадасында спринттен үшінші келді.

Пантова Павлодарда туып-өскен, оның шешесі Виктория бапкер, қызының бірінші ұстазы болған, әкесі Дмитрий Қазақстан құрамасында 1994, 1998, 2002 жылдардағы Олимпиадада жарысқа қатысқан, ағасы Антон 2007 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келеді және өткен маусымда Универсиада-2017 және Азиада-2017 жарыстарында күміс медаль иеленген.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584447-qazaqstannan-shyqqan-alem-chempiony-en.html