RU

Танымал боксшының сүйіктісін қызғаншақ стюардесса ұрып тастады (фото)

Танымал пәкістандық боксшы Амир ханның Дубайда бірге көңіл көтеріп жүрген құрбысын қызғаншақ стюардессадан соққыға жықты. 22 жастағы бойжеткен аурухана түсті.

Ұлыбританияның 22 жастағы  тұрғыны Биа Ганнидес боксшы Амир ханмен бірге өткізген кештен кейін ауруханаға түскен. Қызғаншақ стюардесса кешке өзін шақырмағанына ашуланып, Бианы соққыға жыққан. Бір қызығы, Амир сүйіктісін қорғаудың орнына жұрттың назарына түспес үшін оқиға орнын тастап кеткен.

Тағы оқыңыздар: Алматылық марқұм бойжеткеннің есімі биылғы грант иегерлерінің тізімінде жүр (фото)

«Мен көзімнен айырылуым мүмкін еді, менің өмірімнің күл-талқаны шықты. Енді мен ешқашан клубқа бара алмаймын, тіпті операция жасалуы мүмкін», - дейді Биа Ганнидес.

Келесі күні боксшы сүйіктісіне кешірім хатын жолдаған. Бірақ ауруханаға бармай, Британияға ұшып кетеді.

Полиция қызметкерлері стюардессаға жазасын өтеу үшін 1000 дирхам (15 мың рубль ) көлемінде айыппұл салды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584515-tanymal-boksshynynh-suyiktisin-qyzghan.html