RU

Түріктің танымал әншісі Төреғали және Қайратпен дос екенін айтып, мақтанды (видео)

Астанаға келген Түркияның танымал әншісі Бурай Төреғали және Қайратпен дос екенін айтып, қазақ тілінде ән шырқады деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Қазақ халқының қонақжайлылығы ұнады. Қайрат пен Төреғалимен өнер көрсеткеннен кейін, әлі күнге дейін байланыс орнатып тұрамыз", - деген әнші тілшіге.

Тағы оқыңыздар: Демалыста жүрген Жанар Дұғалова мүсінімен елді таңдай қақтырды (фото)

Түрік әншісі қазақ еліне құр қол келмеген. Ол өткен жылы қыста Алматыға келгенде өзін жылы қарсы алған көрермендеріне риза болып, оларға тосынсый жасады. Әнші қазақтың "Қамажай" әнін көрермендермен бірге орындаған.

Еске салсақ, Бурай қазақстандық көрермендер арасында зор танымалдыққа  "Құлпынай иісі" телесериалында орындаған әнінен кейін ие болды.

Астанадағы кездесуде түрік өнерпаздарынан қолтаңба алуға асыққан көрермендерге арнайы күзет шақыруға тура келген. 

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584560-turiktinh-tanymal-anshisi-toreghali-zhan.html