Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 жастағы шымкенттік ару қыз алып қашқан жігіттерді жазаламауды өтінді

Опубликовано:

Шымкенттік бойжеткен алып қашу туралы заңға тоқтау қоятын кез келді деп есептейді. Айтуынша, осы заңның кесірінен талай бойжеткен оң босағада отыр, ал сүр бойдақтар саны арту үстінде. "Қыздарды алып қашуға заң аясында шектеу қойғанша, қаракөз қыздарымыздың шетелдіктерге тұрмысқа шығуына неге тыйым салынбайды?" деген шымкенттік қыз бұл пікірін NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Шымкенттік тұрғын Меруерт Серікбайқызының жасы 28-де. Тұрмыс құрмаған.

«Қыз баласы жүрегі қалаған жігітке «мені алшы» деп ешқашан ұсынысын айта алмайды» деп сөзін бастаған ол кейбір жігіттер көңілі қалаған аруды кездестіргенімен оған келіп, сөз айтуға бата алмайтынын алға тартты.

«Қыз алып қашу ежелден келе жатқан салт қой. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Осы салтпен отау құрып, ондаған бала тәрбиелеген әжелеріміз бақытсыз болып қалған жоқ. Меніңше бұл салтқа заңмен шектеу қою дұрыс емес.

Қызға келіп сөз айтуды білмейтін момын жігіттер де баршылық. Апаларымыздан әлі естиміз ғой, бұрындары мінезі тым жұмсақ, қызға жақындай алмайтын азаматтарды жеңгелері мен достары араға түсіп, қызды алып қашып, келісімін алып, үйлендірген екен.

Тағы оқыңыздар: Алматыда рөлде қалғып кеткен жүргізуші жантүршігерлік жол апатына түсті (фото)

Кейбір қыз баласының сыртқы болмысы тым сұсты болып көрінуі жігіттерді маңына жолатпайтын сияқты. Бұл өзімнің басымнан өткен жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, қазір ұлдарға қарағанда қыз бала ата-анаға жақын, бауырмал болатын заман болды ғой. Үйдің жағдайын ойлап тұрады.

Сөйтіп жүргенде жігітпен жүріп, жеке өміріне уақыт та таба бермейді. Соңында уақыттың қалай өткенін сезбей қалады. Әрине, барлығына бірдей топырақ шашқым келмейді», - деді тұрғын.

«Тағы бір мысал, екі жас бір-бірін ұнатып тұрғанымен, ата-аналары қарсы болуы мүмкін. Қыз жақ «алып қашсаң, соттатып жіберемін» деп қорқытса, ұлдың ата-анасы баталарын бергенімен, «баламыз абақтыға қамалып қалар ма» деген уайымға салынады. Салдарынан бір отаудың түтеюіне кесірін тигізеді.

Өзімнің туыстарым мұндай жағдайға талай рет тап болған. Қыз келісімін беріп тұрғанымен, ата-анасы қарсылық танытып, ақыр соңы қылмыстық іспен аяқталған. Бәлкім бұл пікіріме қарсы шағып, мені сынның астына алатындар көптеп табылатын шығар.

Әрине, мен мүлдем танымайтын адамды баса көктеп жабайы әрекетпен алып қашуды құптап отырғаным жоқ. Қазір жігіттердің көзі ашық, ұнатқан қызы туралы ақпарат жинап алады. Шаңырақ көтеру базардан киім сатып алумен тең емес екенін, үлкен жауапкершілігі барын олар да жақсы түсінеді.

Тағы оқыңыздар: Алматылық марқұм бойжеткеннің есімі биылғы грант иегерлерінің тізімінде жүр (фото)

«Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» дегенді де ұмытпаған жөн. Ал қызды ұзатып беру мен алу қазір қалтаға әжептеуір салмақ түсіреді. Оның үстіне той жасау жоралғылары күн сайын жаңалыққа толы болып отыр.

Ол да "таза шығын» деп сөзін жалғаған шымкенттік қыз алып қашу туралы заңға тоқтам болса, сүр бойдақтар мен тұрмыс құрмаған қыздар саны азаяр еді. Сондай-ақ елімізде қаракөз қыздарымыздың шетелдіктерге тұрмысқа шығуына заң аясында тыйым болса деген пікірімен түйіндеді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1584578-28-zhastaghy-shymkenttik-aru-zhigitterdi-qy/

pixel