RU

Жамбыл облысында лауазымды полицей әріптесін пышақтап тастады

Бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев, Жамбыл облыстық ІІД басқарма басшылары Үмбетәлиев және Бектұрғанов арасында қақтығыс орын алып, олар бір-біріне пышақ ала жүгірген деп хабарлайды Қазақстан ІІМ мемлекеттік тіл мен ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ. 

«Биыл 10 тамызда түнгі уақытта бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев Жамбыл облыстық ІІД басқарма басшылары Үмбетәлиев және Бектұрғанов үшеуі бірге отырып, ішімдік ішкен. Салдарынан олардың арасында текетірес орын алған. Нәтижесінде, бұл қақтығыстың соңы суық қару қолданумен аяқталған.

Тағы оқыңыздар: Қазақ ақыны эфирде журналиспен ішімдік ішкен Асанәлі Әшімовті сынап тастады

Нәтижесінде Үмбетәлиев Жетпісбаев пен Бектұрғановты жаралаған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі таңда Үмбетәлиевті қамауға алу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Ал Бектұрғанов болса уақытша қамау изоляторында.

«Қызметтік тергеу жұмыстары басталып, Жамбыл облыстық ІІД басшылығын жауапқа тарту мәселесі қолға алынды", - дейді Сәдубаев. 

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1584887-zhoghary-shendi-policeyler-bir-birine-py.html