RU

Алматыда көше қиылысында тұрған автобус кенеттен өртеніп кетті (фото)

Бүгін Алматыда жол жиегінде тұрған автобус кенеттен өртеніп кетті деп хабарлайды Today.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Райымбек және Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

Автобустан өрт шыққаны туралы хабарлама Алматы ТЖД «101» пультіне сағат 10:26-да түсіпті.

Тағы оқыңыздар:  Астанада түнде табылған кішкентай қызды әлі ешкім іздеп келмеген (фото)

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10:36-да жетті. № 106 бағдардағы автобустың қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, 0,5 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585059-almatyda-koshe-qiylysynda-turghan-avto.html