RU

Грант тізімінде тағы да шу: Алтын белгі иегері оқуға түсе алмады (фото)

2017 жылғы оқу грантының тізімі жарияланғалы бері NUR.KZ порталының телефонында тыным болмады. Әділдік іздеп шырылдаған ата-ана еліміздің барлық өңірінен хабарласып өздерінің жанайқайын айтуда. Солардың ішінде көпке түсініксіз жәйттерді тізбектеп ұсынуды жөн санап отырмыз.

ОҚО облысының түлегі Аббас Азамат Сәбитұлы ҰБТ-дан  102 балл жинап Алматыдағы медицина университетінің педиатрия факультетіне тапсырған. Кешегі шыққан тізімде аталған бөлімге оқуға түскендердің ішінде үздік оқушының аты кездеспеген. Алайда, одан төмен алғандар оқу орнының студенті атанғанына ата-анасы ашулы.

«Аспандияров атындағы медициналық университетттің қазақ-орыс бөліміне 150 грант бөлінген. Тізімде 142 студенттің аты-жөні бар. Соның 19-ы - 102 балдан төмен жинаған. Ал, менің ұлым ауылдық квотасы бар, 102 балмен еш оқу орнына ілікпеді. Әділдік қайда?»,- деп шырылдады Аббас Азаматтың анасы.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында лауазымды полицей әріптесін пышақтап тастады

Тура осыған ұқсас жағдай Алматылық үш абитуренттің басында болып отыр. 126, 132 және 131 балл жинағандар КАЗГЮУ-дың «Халықаралық құқық» факультетіне бөлінген грантқа іліге алмаған. Тіпті, олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері де бар. Ал, аталған білім гранты иегерлерінің тізімінде 120 балдан төмен жинаған 10 студенттің есімі тұр.

Тағы бір айтары, биылғы ҰБТ-да межелі балл 50 болғанымен, грант иегерлерінің арасында осы көрсеткішке жете алмаса да студент атанғандар кездеседі.

Осы мәселені сұрап, Білім және ғылым министрлігіне хабарласқанымызбен мардымды жауап ала алмадық. Себебі, министрліктегілер ұсынған телефондарға хабарласу мүмкін болмады. Ал, баспасөз қызметі жауап беруге құлық танытпады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585063-grant-tiziminde-taghy-da-shu-altyn-belgi.html