RU

Анджелина Джоли атанған қазақстандық боксшы қызды көшеде ұрып кеткен (фото)

Көпшілік "қазақстандық Анджелина Джоли" атап кеткен боксшы Зарина Цолоева өзін көшеде бейтаныс ер адамның ұрып жығып, қашып кеткенін айтты.

Ол Instagram желісіндегі парақшасында беті көгерген суретті жариялады.

Қыздың айтуынша, бұл оқиға бір жыл бұрын орын алған. Ал жайсыз оқиға туралы ол оқырмандарына көшеде абай болуды ескерту үшін жазғанын айтады.

"Қорықпаңыздар. Рингте мен ешқашан бұлай таяқ жемегенмін. (бұл бір жыл бұрын болған). Бірде тәтті жегім келіп, дүкенге шықтым. Спорттық киімде, бас киімім бар, құлағымда құлаққаппен кетіп бара жаттым. Жаңбыр жауып тұрған. Басымды көтерместен телефонға қарап кетіп бара жаттым.

Тағы оқыңыздар: Грант тізімінде тағы да шу: Алтын белгі иегері оқуға түсе алмады (фото)

Бір рет көзімді көтергенде қарсы келе жатқан ер адамды байқағанмын, тағы басымды төмен сала бергенімде соққыдан құлап қалдым. Бар күшімді жиып қарсы тұрмақ болдым, бірақ ол бірнеше ғана секунд болған.

Ол телефонды да, ақшаны да алмай қашып кетті... Сонда не үшін бұлай істеді?! Мұндай әрекетке бару үшін қандай жағдайда болу керек?!  Көп нәрсе айтуға болады, бірақ барлығына абай болыңыздар дегім келеді", - дейді спортшы қыз.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585157-andzhelina-dzholi-atanghan-qazaqstandy.html