RU

Таразда болған полицейлер қақтығысының мән-жайы белгілі болды

Жамбыл областық прокуратурасы экс-полицейлердің арасында болған қақтығыс туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Облыстың прокуроры міндетін атқарушы Майлыбаевтың айтуынша, 10 тамыз күні таңғы 05:30-да кеуде қуысына пышақ жарақатын алған Байзақ аудандық ХҚКО бөлім басшысы Жетпісбаев Марсель Жетпісбайұлы  №1 қалалық ауруханаға түседі.

1972 жылғы ер адам "диафрагманың сол жақта торокоабдеменалдық үшкір қарудан болған жарасы және бауырдың сол жақ бөлігі жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Алдын ала болжам бойынша, Тараздағы Рысқұлов пен Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында Жетпісбаевқа Жамбыл облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Үмбетәлиевтің пышақ салғаны анықталды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда көше қиылысында тұрған автобус кенеттен өртеніп кетті (фото)

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД-нің криминалдық полиция басқарма басшысы Бектұрғанов та пышақ жарақатын алған. Жоғары лауазымды полицей Жамбыл облыстық ОАБ-ға медициналық көмекке жүгінеді. Алайда ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Болған оқиғаның барлығы "Арай-Плаза" ресторанының бейнебақылау камераларына жазылып қалған. 

Аталмыш дерек "денеге ауыр жарақат салу" бабы бойынша Тараз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Кейін облыстық прокуратура қылмыстық істі "екі не одан да көп адамды өлтіруге әрекет ету" бабына ауыстырған.

Осы қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдікті Үмбетәлиевтің қайда екені анықталмады, оны ұстау үшін жүргізілетін шаралар жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыздар: Жиналыста ұйықтап қала беретін атышулы әкім жүзуден жарысқа қатыспақшы

Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облыстық ІІД басқарма басшылары мен бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаевтың арасында жанжал туындап, олардың бірі ауыр жарақат алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585213-tarazda-bolghan-policeyler-qaqtyghysy.html