RU

Әйгілі жазушы: Әлемнің бас есалаңы атағына Трамп пен Ким Чен Ын таласып жатыр

Америкалық танымал жазушы Стивен Кинг АҚШ пен КХДР арасындағы даудың ушығуына қатысты қызық пікір білдірді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ол Twitter-дегі жазбасында «екі мемлекет басшысы әлемнің бас есалаңы атағына таласып жатыр» деп мәлімдеді.

Жазушы Трамптың атақты қарсыласы саналады. Бұдан бұрын ол президентті Гарри Поттердің дементорымен (ойдан шығарылған жаратылыс) және «албырт жасөспіріммен» салыстырған еді.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да терроризмді насихаттаған көпбалалы әке сотталып жатыр

Ал ресейлік сенатор Алексей Пушков Трамп пен Ким Чен Ынның арасындағы қарым-қатынас «шыңыраудың шетіндегі әскери-саяси биді» есіне түсіретінін айтқан болатын.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585235-aygili-zhazushy-alemninh-bas-esalanhy-ata.html