RU

Көлігін автотұраққа қоймақ болған әйел жетінші қабаттан көлігімен қоса құлап кетті

Әлеуметтік желіде жетінші қабаттағы автокөлік тұрағынан құлаған көліктің видеосы тарады. Оны YouTube желісіндегі CBS SF Bay Area атты қолданушы жариялаған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оқиға Техас штатының Остин қаласында болды. Видео бақылау камерасына жүргізушісі бар көліктің жерге тұмсығымен шаншылып құлағаны жазылған. Сол сәт төменде тұрған көліктің қорғану үшін алдыға жылжып үлгергенін де байқауға болады.

Daily Mail-дың хабарлауынша, көлік басқаруында болған әйел ауруханаға түскен. Жазатайым оқиға жүргізушінің басқару тетіктерін шатастырып алуынан болған деген де болжам бар.

Тағы оқыңыздар: Алматыда көше қиылысында тұрған автобус кенеттен өртеніп кетті (фото)

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585320-koligin-avtoturaqqa-qoymaq-bolghan-ay.html