RU

Баян Есентаеваның қызы "ас әзірлеймін" деп үйін өртеп жібере жаздады

Баян Есентаеваның қызы Айсәуле ас әзірлемек болып, үйін өртеп жібере жаздады.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Мынаған қараңыздаршы (авт.- күшігіне). Айтпақшы кеше де оның түрі дәл осындай болып, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Бірақ, қатты қорыққаннан. Неге дейсіз ғой? Себебі, мен өзім күйіп қала жаздадым, онымен қоймай, үйімді де, итімді де өртеп жібере жаздадым. Ас әзірлемек болдым. Бір кезде табақ өтке оранды. Оны әзер дегенде ыдыс жуғышқа қарай лақтырғанымда, су сорғыш жана бастады", - деп бөлісті ол.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да екі қызымен бірге өлі күйінде табылған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Ал желі қолданушылары болса басу айтып, оған сәттілік тіледі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585383-bayan-esentaevanynh-qyzy-azirleymin.html