RU

Жігіттерді көріп қуанған Ерке туфлиін шешіп тастап, жалаң аяқ жүгіріп кетті (видео)

Кеше Ерке Есмахан Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда «Қайда?» хит әнін жанды дауысты шырқады. «Ақтөбе»-«Астана» командалары ойынының үзілісінде «13 сектор» футбол фанаттары үшін арнайы келген әнші лық толы стадиондағы жігіттерді көргенде жалаң аяқ секіріп кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері осыған дейін Еркенің «Қайда?» әнін «Ақтөбеде бар» деп шырқап, желіні шулатқан болатын. Әнші футбол жанкүйерлерінің орындауындағы әнін өзінің Instagram парақшасына мақтанышпен салды.

Футбол жанкүйерлері осыдан кейін Ерке Есмаханды стадионға келіп ән салып, футболға қолдау білдіруге шақырған болатын.

Тағы оқыңыздар: Концерттегі шу: Төреғали мен Еркенің фанаттары Ақтөбе сахнасын басып алды (фото, видео)

Әнші ақтөбелік фанаттарды қуантып, көп жігітті көргенде өзі де қуанып кетті.

«Мына жерде жігіттер көп екен. Ақтөбеде бар, бар», - деп балаша қуанған әнші стадион ішінде туфлиін шешіп, жалаң аяқ жүгірді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585441-aqtobelik-fanattaryn-korgen-erke-biz.html