RU

Тараздағы қанды қырғынның видеожазбасы жарияланды (видео)

Тараздағы полицейлердің төбелесі түсірілген бейнекадрлар интернетте жарияланды. Оқиға 10 тамыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында орын алған болатын деп хабарлайды sn.kz.

Жамбыл облыстық ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы спирттік ішімдік ішіп алып, Байзақ аудандық ХҚКО мен Криминалды полиция басқармасының басшыларын пышақтап тастаған болатын.

Басты күдікті М.Үмбетәлиев қазір іздеуде, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған ХҚКО басшысы Марсель Жетпісбаев ауруханада ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыздар: Астанада грантқа іліге алмаған түлектердің ата-анасы Білім министрлігіне басып кірмек болды

Криминалды полиция басқармасының басшысы Е.Бектұрғановтың сол иығы мен жамбасы жараланған. Ол ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585511-tarazdaghy-qandy-qyrghynnynh-videozhazb.html