RU

Павлодарда полицейлер мен клиенттердің төбелесі камераға түсіп қалды (видео)

Павлодарда полицейлер өздеріне қарсылық көрсеткен төрт адаммен төбелесті. Оқиға дүкендердің біріне орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.

Желіде тарап кеткен кадрда полицейлер ер адамдарды қызметтік көлікке отырғызбақ болғаны, бірақ олардың қарсылық көрсеткені байқалады.

Павлодар ІІД төбелес туралы ақпаратты растады.

Тағы оқыңыздар: Тараздағы қанды қырғынның видеожазбасы жарияланды (видео)

«3 тамыз күні сағат 05.12-де 102 нөміріне Есенәлиев, 58 ауданында ер адамдардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына батальон жетті. Ер адамдарды көлікке отырғызбақ болған, бірақ олар қарсылық көрсетті, содан кейін полицейлер күш қолданды», - деп хабарлады полициядағылар.

Видеоны ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы зерттей келе, полицейлер өкілеттігін асыра қолданған деген қорытындыға келген. Полицейлердің бірі қазір уақытша ұстау абақтысында. Зардап шегушілерден сотқа дейінгі шағым түспегені белгілі болды.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585522-pavlodarda-policeyler-men-turghyndar.html