RU

Танымал саясаттанушы: Ішкі істер министрі өз еркімен отставкаға кету керек

Өткен апта полиция қызметкерлерінің жағымсыз жаңалығына толы болды. Тәртіп сақшыларын «қорғаушы емес - қорлаушы» деген ел-жұрттың арыз-шағымы, қала берді жанайқайы әлеуметтік желінің басты тақырыбына айналды. Жығылғанға жұдырық болғандай кешегі Тараздағы лауазымды полиция қызметкерлерінің пышақтасуы бүкіл бір ведмостваның бет пердесін шешіп бергендей. Осы ретте NUR.KZ елдегі құқық қорғау органындағы болып жатқан жайттардың сәйкестік пе әлде олқылық па екенін білу үшін танымал саясаттанушы Айдос Сарымның пікірін білді.

Өзі қазған орға өзі түсті

«Елдегі қылмысты азайтамыз деп полиция мыңдаған камера қойды. Нәтижесінде сол бейне бақылау камерасына өздерінің былықтары түсіп, әшкере болып жатыр. Тәртіп сақшыларының қылмысына қатысты жаңалық күніне бір рет шығады. Бұл өте қауіпті. Асылып өлген де, бір-бірімен пышақтасып жүрген де, біреуді тапсырыспен өлтірген де полицей. Қарап отырып біз лаңкестен емес, полициядан қорқатын дәрежеге жеттік», - дейді саясаттанушы.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда полицейлер мен клиенттердің төбелесі камераға түсіп қалды (видео)

Полицияға қатысты мың реформа жасалса да, олар әлі Кеңестік жүйеде

25 жылдың ішінде полицияның атауынан бастап, киімі, қызметі мен құқығына қатысты мыңдаған реформа жасалды. Қыруар қаржыға аттестациядан өткізді. Бірақ түк өзгеріс те, нәтиже де жоқ. Біздің полиция сол баяғы Кеңестік жүйеде қалған. Бір-бірінің (полиция мен прокуратура) қылмыстарын жасырып, халықты басты қарақшы етіп көрсету, жұмысын табыс көзіне айналдыру. Орта шендегі полиция ұсталып, үйіне тінту жасалған видеоны көріп, таң қалдым. Қарапайым қызметкерде екі қабатты коттедж, қымбат көлік, үйдің іші толған бағалы жиһаз. Ол жалақысымен мұндай дүниеге қалай қол жеткізді?

ІІМ Қалмұханбет Қасымов өз еркімен отставкаға кетуі керек

Полиция бізге керек, біз одан бас тарта алмаймыз. Елдегі тәртіп сақшыларының саны әскерилерден де көп екен. Бірақ осыншама қызметкердің ел пайдасын көру үшін басшылыққа адамгершілігі бар, шын ниетімен жұмыс істейтін адам келуі қажет. Меніңше мына оқиғалар осымен тоқтап қалмай депутаттар каникулдан шыққан соң парламентте қайта қаралып, Ішкі істер министрінен жауап алу керек. Егер есі болса бас полицей өз еркімен отставкаға кету керек, шындығына келсек әлдеқашан кету керек еді.

Тағы оқыңыздар: Балабақшадағы сұмдық: Ақтөбелік ата-аналар шу шығарды (фото, видео)

Халық әділдікті құқық қорғау органынан емес, әлеуметтік желіден іздейді

Полицияның былығына қазақстандықтар әбден тойды. Оларға ешкім сенбейді. Сотта сондай жағдайда. Өзінің заңды құқығын қорғау үшін жұрт әлеуметтік желіге жанайқайын айтып, халық арасында резонанс жасауды үйренді. Біле білсеңіз, бұл қауіпті. Мен бірнеше мемлекетті білемін, әділетсіз полициядан шаршаған халықтың наразылығы ревалюцияға ұласқанын. Бізде де сондай болуы әбден мүмкін. Себебі елдегі заңсыздықтар шегіне жетті.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585624-tanymal-sayasattanushy-ishki-ister-mini.html