RU

Астана әуежайындағы көлік тұрағының бағасы Сапиевтің шамына тиді (фото, видео)

Олимпиада ойындарының чемпионы, депутат Серік Сапиев Нұрсұлтан Назарбаев атындағы елордалық әуежайдағы көлік тұрағының бағасына көңілі толмай, шағымын айтты.

Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдың көлік тұрағында бағалар менің шамыма тиді. Егер көлікті жабық тұраққа қойсаң, тәулігіне 2000 теңге төлейсің. Бұл көңілге қонымды баға. Алайда әуежайдың даладағы тұрағына көлігінді қалдырып кеткенін үшін алғашқы екі сағатта 400 теңгеден және келесі әрбір сағаты үшін 1500 теңгеден төлеуің қажет. Сонда біз тәулігіне 33400 теңге төлеу керек екенбіз", - деп есептеп шықты Сапиев.

Тағы оқыңыздар: Танымал саясаттанушы: Ішкі істер министрі өз еркімен отставкаға кету керек

Депутаттың сөзінше, бағдарлама аяғына дейін толық бітпеген немесе бұл қарапайым халыққа арналмаған.

"Себебі келесі тәуліктерде алдыңғыдай емес, әрбір келесі сағаты үшін 2500 теңге тарифі бойынша төлеуің керек. Менің ойымша, бұл заңсыз тасымалдаушы таксистерге қарсы ойластырылған шара болуы мүмкін. Біріншіден олар көліктерін бірнеше тәулікке қалдырмайды, әуежай мен қала ортасында күні бойы қатынап жүреді. Екіншіден олардың азаймағанын кез-келген адам растай алады", - дейді ашуланған депутат.

Сөз соңында Серік Сапиев елордалық әкімдіктен және әуежай басшылығынан бағаны реттеуді сұрады.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1585843-astana-auezhayyndaghy-kolik-turaghynynh.html