RU

Мысық түн ортасында иелерін оятып, өрттен аман алып қалды

Австрияда мысық қалың ұйқыда жатқан иелеріне өрт жайлы дер кезінде ескерткендіктен, олар аман қалды деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 12 тамыз күні Австрияның Клайн-Санкт-Пауль қаласында болды, деп хабарлайды Heute газеті. БАҚ мәліметінше, белгісіз біреу көппәтерлі үйге от қойған. Үй астындағы жайдан шыққан өрт бүкіл үйге тарай бастаған.

Тағы оқыңыздар: Төлешов қымбат көліктерін кері қайтарып алуы мүмкін

Алайда пәтерлердің бірінде тұратын мысық қауіп төнгендігін сезіп, тынымсыздана мияулап иесін оятқан. Түтін иесін сезген әйел анасы мен сіңлісін оятқан. Олар қауіпсіз жерге шығып, өрт сөндірушілерді шақырды. Пәтерлерге жетіп үлгерместен сөндірілген жалынның тұрғындарға еш залалы тиген жоқ.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586030-mysyq-tun-ortasynda-ielerin-oyatyp-ort.html