RU

Сальто жасамақ болған әлем чемпионының мойын омыртқасы үзіліп кетті

Оңтүстікафрикалық бодибилдер Сифисо Лунгело Табета жарыс кезінде сальто жасамақ болған кезінде ажал құшты. Спортшы жерге басымен түсіп, мойын омыртқасы үзіліп кетті деп жазады ҚазАқпарат.

23 жастағы бодибилдердің соңғы сальтосы жайлы видеоны көрермендер түсіріп алған. Кадрдан әбіржіген адамдардың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионына көмекке ұмтылғаны көрінеді. Өкінішке орай, Сифисо Лунгело Табетаны ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады.

Тағы оқыңыздар: Мысық түн ортасында иелерін оятып, өрттен аман алып қалды

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586041-salto-zhasamaq-bolghan-alem-chempionyn.html