RU

Назарбаев Бекболат Тілеуханмен жамбы ату жарысын тамашалады (фото, видео)

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады деп хабарлайды Ақорда ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

 

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586163-elbasy-astana-ippodromyn-aralady-fot.html