RU

Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтілсе, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кызылорда облысында найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы оқыңыздар: Желіде "Қазақтар" командасының Назарбаевпен түскен "жылдың үздік суреті" жарияланды

Қарағанды облысында бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей бөліктерінде найзағай болады, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде найзағай, тұман күтіледі. Ақтөбе облысында найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1586332-elimizdinh-birqatar-onhirlerinde-bursh.html